"Қарлығаш" топ
ЖШС Мектепке дейінгі «Алтын бесік»ясли-бақшасы
Мен, Абдуллаева Айдана Мухаметжановна орта білімді,санаты: педагог-мадератор, осы аталған мекемеде 2020 жылдан еңбек етіп келемін. Мен 2026 жылдың сәуір айынан бастап ортаңғы «Қарлығаш» тобының тәрбиешісімін. Топ тәрбиеленушілер 2022ж бүлдіршіндер.Топта 23 бала, оның 8 қыз бала, ал 15 ұл бала.
«Қарлығаш» топ жетекшісінің мақсаты —балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.
1. Дене тәрбиесі және денсаулықБалалардың қимыл-қозғалыс дағдысын дамыту: жүгіру, секіру, лақтыру, тепе-теңдікті сақтауЖеке гигиена дағдыларын қалыптастыру: қол жуу, өзін-өзі күтуДені сау өмір салты туралы қарапайым түсінік беру
2. Танымдық даму.Заттардың түсін, пішінін, көлемін, санын 5-ке дейін ажыратуҚоршаған орта, табиғат, мезгілдер туралы түсінік беруЗейін, жады, ойлау қабілетін дамыту. Сұрақ қоюға, себеп-салдар байланысын түсінуге үйрету
3. Сөйлеуді дамыту.Сөздік қорын 2500-3000 сөзге дейін байыту Сөйлемді дұрыс құрап айтуға, ертегі айтуға, диалог құруға дағдыландыруАна тіліне деген қызығушылықты арттыру, көркем әдебиетке баулу
4. Әлеуметтік-тұлғалық даму.Өзін-өзі басқару дағдысын қалыптастыруҰжымда ойнау, кезек күту, бөлісу, достық қарым-қатынас жасауЕңбекке, үлкендерге, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу
5. Көркем-эстетикалық даму.Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру арқылы шығармашылық қабілетін дамытуМузыка тыңдау, ән айту, қарапайым би қимылдарын меңгеруТабиғат пен өнердегі сұлулықты сезінуге үйрету
