"Құлпынай" тобы » «Алтын бесік» ясли бақшасы»
«Алтын бесік» ясли бақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:170340005758
Қабылдау бөлімі:
+7(702) 508-88-81
"Әдіскер:
+7(7282) 4123-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
мамыр
2026

"Құлпынай" тобы

Топ:    Мектепалды  топ «Құлпынай»  тобы

Бала  саны:  25 бала

Оқу  жылы:  2025

Тәрбиешінің   аты-жөні:  Кадирова  Мейрамкан   Мусагалиевна

Білімі:  жоғары

Біліктілік:   Педагог- модератор 



            2025 оқу жылынан бастап балабақшада балаларды тәрбиелеу мен оқытуда нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, жұмыстар жүйелі жүргізілді.

Перспективалық жоспар өтпелі тақырыптар бойынша ескеріліп құрастырылды. 

            Оқу жылының басынан топтағы ата-аналармен ынтымақтастық орнату мақсатында ата-аналармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіліп отырды. 

Серуендегі бақылау, шынықтыру шараларын дұрыс ұйымдастыру, оқу қызметін жүйелі жоспарлау және тәрбиелік іс-шараларға ерекше көңіл бөлінді.

            «Құлпынай» тобында 25 бала бар, 11  қыз бала,   14 ұл бала бар. Қыркүйек айында жүргізілген балалардың бастапқы біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізгендегі  нәтижесі:

Балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерінің қорытынды бақылау диагностикасының нәтижелері:

Мониторинг қорытындысы бойынша балалармен жекелей, топпен жұмыстар жүргізілді. 

Жыл бойы өткізілген ашық оқу қызметтері мен тақырыптық оқу қызметтері:

1.  Білім күніне      орай өткізілген «1 Қыркүйек – Білім күні»    ашық оқу қызметі өтті.

2. 25- қазан   Республика күніне орай өткізілген     «Менің   Отаным Қазақстан»   ашық оқу қызметі  болды.  

3. « Күз  кереметі» табиғи  материалдан күніне орай табиғи  материалдан өткізілген топ аралық жарыс ата аналармен бірлескен іс-шаралар ұйыдастырылды.

4.Табиғи материалдардан көрме ұйымдастырылды.                                                                                                                                                                                                

5..Тәуелсіздік күніне орай өткізілген  «Тәуелсіз елім-Қазақстан»   тақырыптық оқу қызметі өткіздім.

6.Ата аналармен бірлескен көрме ұйымдастырылды

7.Жаңа жыл мерекесіне арналған "Құтты болсын жаңа жыл»   тақырыпта ертеңгілік өткізілді.

8  «Қазақтың   ою- өрнектері»  ата аналар мен балалар арасында бірлескен іс-шаралар өтті сурет көрмесі өті


12.Аналар мерекесіне арналған  «Аяулы анашым»   тақырыпта   ертеңгілік өткізілді.

13. Наурыз мерекесіне орай   «Қош келдің, әз наурыз!» тақырыпта ертеңгілік өткізілді.

14. «Ғарыш әлеміне  саяхат» тақырыптық оқу қызметі ұйымдастырылды.

15. «1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні. Достық мерекесі. Іс- шаралар сурет көрмесі өтті.

16. «9 мамыр жеңіс күні» топтармен бірлесе отырып өткізген   іс- шаралар  сурет көрмесі өтті.

17.Балабақшамен қоштасу ата аналар мен балалар арасында бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарланды.


            Жыл бойы балаларды жан-жақты дамытуда және танымдық қызығушылықтарын арттыруда барысында тақырыптық көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, көрмелер, ұлттық құндылыққа байланысты тапсырмаларды толықтырып дайындадым. 


Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдана отырып оқу қызметінде пайдаланып отырдым. Топта дидактикалық материалдар, көрнекіліктер жаңартылды. Сюжетті-рөлді ойындардың,  серуеннің, бақылаудың картотекасын құрастырдым. Дамытушы ойындардың дұрыс орналасуы мен материалдың жаңартылып отыруына көңіл бөлінді. 


            Оқу жылының басынан бастап ата-аналармен тығыз байланыста түрлі жұмыстар атқарылып келді. Ата-аналар өткізілген ашық оқу қызметі мен барлық ертеңгіліктердің түрлі кастюмдарына көмектерін беріп, қолдау білдіріп отырды.      

            Балабақшамыздағы психолог, логопедпен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіліп отырды. Жыл бойы тәжірибелі тәрбиешілер мен педагог мамандарының оқу қызметіне қатысып, өзіме керекті мағлұматтар алдым... 



Мектепке даярлық   "Құлпынай"  

тобының тәрбиешісі:                                      М. Кадирова

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив